Нұрлан Жақыпов: «Самұрық-Қазына» ЖІӨ-нің 50-60 пайызы деген – миф

АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қордың экономикадағы үлесіне қатысты пікір білдірді.

Нұрлан Жақыпов
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- «Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімнің 50-60%-ы деген – миф. Бұл шындыққа жанаспайды. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз не? Кез келген энциклопедия немесе ChatGPT жалпы ішкі өнім ел аумағында белгілі бір кезеңде өндірілген барлық тауар, қызмет пен істелген жұмыстың жиынтық құны деп түсіндіреді, - деді Нұрлан Жақыпов қорда өткен брифингіде.

Қор төрағасы келтірген мәліметке сүйенсек, Қазақстанның 2024 жылғы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі –134 трлн теңге. 

Нұрлан Жақыпов: «Самұрық-Қазына» ЖІӨ 50-60 пайызы деген – миф
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- Сол кезеңдегі «Самұрық-Қазына» АҚ табысы 16,5 трлн теңге болды, бұл ЖІӨ-нің тек 12%-ы ғана. Алайда аталған көрсеткіш ЖІӨ-дегі нақты үлесті емес, табыс көлемінің салыстырмалы шамасы, - деп толықтырды қор басшысы.

Кеше ғана Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Премьер-министрдің атына сауал жолдап, «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан экономикасының драйвері емес, тежеуіші деп сынаған еді. 

Нұрлан Жақыпов: «Самұрық-Қазына» ЖІӨ 50-60 пайызы деген – миф
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов Самұрық-Қазынаның отандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткішін сынады. 

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы күшіне енген Үкімет қаулысының қордың дивиденд саясатына қалай әсер ететіні туралы түсініктеме берді. 

Одан бөлек «Самұрық-Қазына» 177 млрд теңгенің тауары мен қызметін шетелдік жеткізушілерден «бір көзден» сатып алғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар