«Самұрық-Қазынаны» таратайық — Мәжіліс депутаты
АСТАНА. KAZINFORM –2024 жылғы бюджеттің атқарылуын талқылауға арналған отырыста Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазынай акционерлік қоғамын таратып жіберуді ұсынды.

— Квазимемлекеттік сектор мемлекеттік сатып алу шараларының 60 пайызын бір көзден ғана өткізген. Соншалық асығыс қимылдайтындай қандай төтенше жағдай, ұрыс, соғыс болып жатыр? Соны түсінбеймін. Кемшілікті анықтаған екенсіздер. Бірақ ұсыныстарыңызды көріп отырған жоқпын. «Самұрық-Қазына» тапсырыстың 60 пайызын бір көзге, «Бәйтерек» 50 пайызын бір көзге өткізген. Бұл, ойлап қарасаңыз, бүкіл елдің ұлттық қазынасын, байлығын ұрлауға жеңіл болсын деп бір қолға әкеліп берген. Мынау дегенің барып тұрған ұрлық қой. Ай мен күннің аманында, тым-тырыс, бейбіт заманда 60 пайыз, 50 пайыз бір көзден сатып алу деген, меніңше, ешбір заңға келмейді, — деген Мәжіліс депутаты «Самұрық-қазына» қорын таратып жіберуді ұсынды.
Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазынай акционерлік қоғамын таратып жіберуді ұсынды.
— Жалпы мен «Самұрық-Қазынаның» болуына қарсымын. Бұрыннан айтып келе жатырмын, таратылу керек. Ондағы әр мекеме бәсекелі ортаға беріліп, өз күнін өзі көру керек. Жоғары аудиторлық палатаның осыған байланысты ұстанымы қандай, — деп сұрады ол.
Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов нақты ведомствоның ұсыныстары аудит толық аяқталғаннан кейін жарияланатынын еске салды.
— Тапсырыстың 60 пайызын бір көзге беру мәселесіне келсек, былтыр да көтергенбіз. Биыл да көтеріп отырмыз. Бізді алаңдатып отырған мәселенің өзі де осы. Шілде немесе тамыз айында қорға жүргізіліп жатқан аудит аяқталу керек. Барлық ұсынысымыз бен шешімдерімізді сол кезде айтамыз, — деп құтылды Жоғары аудиторлық палата мүшесі.
Сондай-ақ, ол Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткенін атап өтті.