«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері сайланды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының отырысы өтіп, онда «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттік мерзімін нақтылау туралы мәселелер қаралды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері сайланды

Бұл ақпаратты «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі таратып отыр.

Жиын барысында:

1. «Самұрық-Энерго» Директорлар кеңесі құрамының санын 6 адаммен бекіту;

2. «Самұрық-Энерго» Директорлар кеңесін келесі құрамда сайлау: К.А.Бектеміров - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі; Ғ.Ж.Дәукеев - Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі; А.Т.Спицин - Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі; Лука Сутера - Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі; А.В.Огай - «Самұрық-Қазына» АҚ электроэнергетикалық активтерді басқару басқармасының директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі; А.М.Сатқалиев - қоғам басқармасының төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

3. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры К.Бектеміровті сайлау;

4. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін 3 жылға белгілеу туралы шешімдер қабылданды.