13:11, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін компаниялар Энергетиктер кәсіподағы федерациясына топтасты
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіподақтар ұйымдарының делегаттары құрылтайшылық конференциясын өткізіп, «Энергетиктердің кәсіподақ федерациясы» қоғамдық бірлестігін құру туралы қаулы қабылдады,

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Конференция барысында жаңа кәсіподақ бірлестігінің жұмыс тобы құрылып, жарғысы бектілді.
Жаңа қоғамдық кәсіподақ бірлестігінің жетекшісі Оразбек Бекбастың атап өтуінше, ағымдағы жылдың 24 мамырында ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің бұйрығымен «ЭКФ» ҚБ-ның жарғысы тіркелгендігі туралы анықтама берілген. Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ-тың еншілес компанияларындағы кәсіподақтарға тіркелген 8 мыңнан аса мүшесі бар.
«Қоғамдық бірлестіктің басты міндеті - жұмыс беруші мен «ЭКФ» ҚБ арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту, еліміздің энергетика саласы жұмысшыларының мүддесі қорғауда жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру», - деді ол.