«Самұрық-Энерго» «Қазақмыстан» 1,2 млрд доллардың активтерін сатып алады

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазақмыс» корпорациясынан 1,249 млрд долларға «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 50%-дық үлесті және «Қазгидротехэнерго» ЖШС 100%-дық үлесті сатып алуды жоспарлап отыр.

Тиісті келісімді «Самұрық-Энерго» мен «Қазақмыс» бекітті, деп хабарлады halyk-ipo.kz сайты металлургиялық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәміле «Қазақмыстың» тәуелсіз акционерлері мен Қазақстан мемлекеттік органдарының көпшілігі мақұлдаған жағдайда ғана жүзеге асады, делінген таратылған баспасөз баянында. Оң шешім қабылданған жағдайда, «Самұрық-Энерго» Екібастұз ГРЭС-1-дің бірден-бір меншік иесі болады.
«Қазақмыс» активтерді сатудан түскен соманы мыс өндіру саласындағы ірі, ұзақмерзімді әрі шығыны аз жобаларды әзірлеуге бағыттамақ.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлекеттік компаниялар тізіміне кіреді.

Соңғы жаңалықтар