«Самұрық-Энергоның» электр энергияны өндірудегі үлесі 38,5%-дан аспақ
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақмыстан» «Екібастұз РРЭС-1» ЖШС 50% және «Қазгидротехэнерго» ЖШС 100% үлесті сатып алу арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы электр энергияны өндірудегі өзінің үлесін 38,5%-дан астамға ұлғайтады. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «мәміле аяқталғасын кіріс айтарлықтай ұлғаяды, EBITDA-ны қосқанда, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жақсарады».
«Жиынтық қуаты 108 МВт болатын жеті шағын ГЭС-ті басқаратын «Қазгидротехэнергоны» сатып алу, «Самұрық-Энергоның» «жасыл экономика» стратегиясының басымдықтарына сәйкес келеді», - делінген хабарламада.