«Самұрық-Қазына» 2020 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-іне 2 трлн. теңге кіріс әкеледі - Ө.Шөкеев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» 2020 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-іне 2 трлн. теңге үлес қосады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформация форумы барысында аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.
«Ең алдымен қор жаңа құн қалыптастыруға шоғырлануы тиіс. Бұл реттегі басты мақсаты 2020 жылға қарай экономикалық кірістің оң көрсеткіштеріне шығу болып саналады. Бұл жалпы ішкі өнімге 2 трлн. теңге немесе 11 млрд. доллар қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді», - деді Ө.Шөкеев.
Қор басшысының сөзіне қарағанда, Трансформация бағдарламасы аясында Қор жұмысын жаңғырту, инвестиция салу талаптарын жетілдіру, бизнес-процестер мен портфельдің құрылымын оңтайландыру, сонымен қатар Қор жұмысын кең көлемде қайта құрып, қағазбастылықтан арылу қамтылады.