«Самұрық Қазына» ағымдағы жылы ақпаратты жария ету саясатын қабылдамақ

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Самұрық Қазына» ағымдағы жылы ақпаратты жария ету саясатын қабылдамақ.

«Самұрық Қазына» ағымдағы жылы ақпаратты жария ету саясатын қабылдамақ

Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ақпаратты жария ету саясатын қабылдаймыз. Бұл құжат қордың ақпараттарды жария ету басымдықтары мен стандарттарын айқындайтын болады»,-деді ол.

Ө. Шөкеевтің атап өтуінше, құжат әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып әзірленуде.