11:18, 04 Маусым 2013 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Ердебай Даурен Иманжанұлы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс департаментінен мәлім етті.
2009 жылдан бері Д.Ердебай «Біріккен химиялық компаниясы» АҚ-да басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-ның бас директоры. Сондай-ақ әртүрлі жылдары мемлекеттік қызметтерде жауапты лауазымдарды атқарды.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қуандық Бишімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.