«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 2 ақпанда ҚР Үкіметінің №194 Қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Экономикалық даму және сауда министрі ретінде Бақытжан Сағынтаев енді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

Бұдан басқа, Директорлар кеңесінің мүшелері болып ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары ретінде Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары ретінде Қайрат Келімбетов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі ретінде Әсет Исекешев қайта сайланды.

Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ерлан Қошанов Жақанұлы Г.Р.Абдрахимовтың орнына «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративті хатшысы лауазымына тағайындалды.