«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Еңбек әулеттерi күнiн атап өтті

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы еңбек жолын атадан балаға жалғастырып,

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Еңбек әулеттерi күнiн атап өтті

дәстүрiнен жаңылмаған қызметкерлер отбасыларға арналған Еңбек әулеттерi күнiн атап өтуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара ұрпақтар сабақтастығын қолдауға және әлеуметтiк тұрақтылықтың белгiсi болған еңбек әулеттерi институтын қалыптастыруға үлкен серпiн бермек.

«Еңбек әулеттерi белгiлi бiр мемлекеттi ғана емес, тұтас әлемдi ұстап тұрған институт. Бүгiнгi мерекелiк қабылдауға ұлттық қорға кiретiн компанияларда қызмет iстейтiн еңбек династияларының 9 отбасысы қатысып отыр. Олардың қатарында темiржолшылар, байланыс, пошта қызметкерлерi бар. Кейбiр отбасылардың еңбек өтiлi 300-400 жылдан асып отыр. Осындай адамдарды бiз неге құрметтемеске?! Бұндай шара тек "Самұрық-Қазына" компаниясының iшiнде ғана шектелiп қалмай, елдiң өзге кәсiпорындарына да тараса деген тiлек бар", - дейдi «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Әлеуметтiк серiктестiк орталығының басшысы Нұрлан Ерiмбетов.

Мереке шеңберiнде Қор басшысы Өмiрзақ Шөкеев әке iзiн қуған ең үздiк еңбек отбасыларының мүшелерiн «Еңбек әулетi» медалiмен салтанатты түрде марапаттады.