«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Білім және ғылым министрлігі дуальдік білім беру бойынша ынтымақтастықты нығайтпақ

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - 29 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен «Білім мен бизнес ел игілігі үшін қызмет етеді» тақырыбына
None
None

республикалық конференция өтеді.

«Самұрық-Қазына» мәліметінше, конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  «Қазақтелеком» АҚ ұлттық компанияларының басшылары, салалық министрліктер мен ведомстволардың, өңірлік және салалық кеңестердің өкілдері, облыс әкімдері, бизнес-құрылымдардың, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері,  халықаралық сарапшылар және басқа да мекемелердің өкілдері қатысады.

Конференция оқу орындары  мен кәсіпорындар үшін кәсіби білім беру саласында кадрларды даярлаудың дуальдік моделін енгізу жөніндегі диалог алаңы болып табылады.

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. 

Соңғы жаңалықтар