«Самұрық-Қазына» АҚ сандық технологияларды енгізу арқылы 200 млрд. теңге үнемдемек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ сандық технологияларды енгізу арқылы 200 млрд. теңгеге жуық қаржыны үнемдемек. Бұл туралы бүгін Қазақстан SAP компаниясының директоры Максим Ламсков мәлім етті.

«2015 жылы ұлттық әл-ауқат қорымен стратегиялық келісімге қол қою біз үшін айқындаушы оқиға болды. Құжат аясында барша Қазақстан үшін маңызды мақсаттарды шешу көзделіп отыр. Осы ретте үдерістерді автоматтандыру деңгейін ағымдағы 30-дан 70 пайызға дейін жеткізу ескеріліп отыр. Қордың бағалауы бойынша біздің компаниямен ынтымақтастықтан экономикалық тиімділік 2020 жылға дейін 200 млрд. теңгеге жуықтайды»,-деді ол Астана SAP Форумында.

Сонымен қатар компания өзінің инвестицияларын және  Қазақстан нарығына қатысу деңгейін арттырмақ. Себебі, еліміздегі бизнес салада өсім байқалуда.

SAP компаниясы бизнесті басқаруға арналған шешімдері әлемдегі кәсіпкерлерге клиенттермен өзара қарым-қатынасты жетілдіруге, сондай-ақ серіктестермен бірлескен жұмыс жүргізу аясын кеңейту мен компанияның логистикалық тізбегін және бизнес-операциялар шеңберіндегі қызметінің тиімділігін көтеруде көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар