«Самұрық-Қазына» алдағы 2 жылда 30 актив пен 45 нысанын қайта құрылымдаудан өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры алдағы 2 жылдың ішінде 30 актив пен 45 нысанын қайта құрылымдаудан өткізетін болады. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.
«Қор еншілес компаниялардағы бейінді емес активтер мен нысандарды шығару бағдарламасы аясында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 2013 жылдың соңында 713 актив пен нысанның 482-сі шығарылды», - делінген хабарламада.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, өтінімнің жоқтығынан 20 актив пен нысанға жарияланған конкурстар мен аукциондар жарамсыз деп танылып, оларды шығару ағымдағы жылдың еншілісіне қалдырылған.
«Жалпы алғанда, алдағы екі жыл ішінде 30 актив пен 45 нысан қайта құрылымдаудан өтетін болады», - делінген қор ақпаратында.