«Самұрық-Қазына» басқарма құрамына бизнесті дамыту директорын енгізді
Бұл өзгерістер қордың операциялық үлгісін өзгерту және қор басқармасының 2014 жылғы 14 ақпандағы шешімімен бекітілген жаңа ұйымдық құрылымды енгізу қажеттілігінен туып отыр. Бұл жайында қордың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бұл шешім біздің қор бизнесін стратегиялық холдингтің үлгісіне сай реттеу мақсатымызға, соның ішінде инвестицияларды басқару, біртұтас қазынашылық, корпоративтік қаржыландыру сияқты стратегиялық бағыттарымызға сәйкес келеді. Бизнесті дамыту директоры осы бағыттарға жауапты болады», - қор басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Берік Бейсенғалиев қордың бизнесті дамыту директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры ретінде инвестициялық қызмет, корпоративтік қаржы, қаржы активтерін басқару мен қазынашылық бөлімшелерінің жұмысын үйлестірген. Сонымен, қор басқармасының құрамы 6 адамға кеңейтіліп, мына құрамда бекіді: Басқарма төрағасы - Ө.Шөкеев, Басқарма төрағасының орынбасарлары - Елена Бахмутова мен Дәурен Ердебай, бизнесті дамыту директоры Берік Бейсенғалиев және жаңа ұйымдық құрылым бойынша қаржы директоры (FD), сондай-ақ құқықтық қызмет бас директоры (CLO - Chief Law Officer) болып бекітілген басқарушы директорлар - басқарма мүшелері Нұрлан Рахметов пен Талғат Сәрсенбаев. Сонымен қоса, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі қордың басқарма төрағасының орынбасары Д.Ердебайдың «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кіруіне келісімін берді. Отырыс барысында Қордың жұмысын, негізгі салаларын, басты компоненттері мен үрдістерін айқындайтын «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі бақылау жүйесінің ережесі бекітілді. Операциялық қызметтің тиімділігін, активтердің сақталуы мен қордың тиімді жұмсалувымен қатар қаржылық, басқару есебінің толыққанды, нақты әрі сенімді болуын қамтамасыз ету, тәуекелдердің және басқа да жағдайлардың туындау мүмкіндігін азайтып, алдын алу аталған жүйенің басты міндеттері болып табылады. Сондай-ақ, Директорлар кеңесі 2014 жылдың IV тоқсаны бойынша тәуекелдер туралы есепті бекітті. Отырыста қордың өзге де мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.