11:48, 21 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» демеушілік және қайырымдылық шараларын доғарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік және қайырымдылық шараларын доғарады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке аталған қордың басқарушы директоры Дархан Қалетаев мәлім етті.
«Елімізде және барша әлемде болып жатқан қазіргі қаржылық жағдайға байланысты қордың компаниялар тобы бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектің көлемін шектеу шешімі шығарылды. Дәлірек айтқанда, біз бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мәселелері мен жергілікті атқарушы органдарымен қол қойылған меморандумдар бойынша әлеуметтік бағдарламалардан өзге бағыттар тұрғысында осындай шараларды толық тоқтатамыз», - деді басқарушы директор.