«Самұрық-Қазына» дүниежүзі бойынша «SOS Балалар ауылдарының» тарихындағы рекордтық соманың көмегін көрсетті

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «SOS Қазақстанның балалар ауылы» корпоративтік қорының арасында Ынтымақтастық және қаржылық қолдау туралы меморандумға қол қойылады.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығынан хабарлады.

Құжатқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Дархан Қалетаев, «SOS Kinderdorf International» халықаралық қорының президенті Ситтарта Кол, «SOS Қазақстанның Балалар ауылы» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алексей Волков және «SOS Қазақстанның Балалар ауылы» қорының директоры Батырхан Женалаев қол қояды.

«Самұрық-Қазынамен» ынтымақтастық орнатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болды. 2011 жылы компанияның қолдауымен еліміздегі барлық үш «SOS Балалар ауылы» компьютерлік қызмет көрсетулер мен жабдықтардың шығындарын өтей алды. 2012 жылы "Самұрық-Қазына» бөлген 12,5 млн. теңге ақша Теміртаудағы «SOS Балалар ауылындағы» үйлердің шатырларын жаңартуға жұмсалды. Биыл компания дүниежүзі бойынша «SOS Балалар ауылдарының» тарихындағы рекордтық соманың - 200 млн. теңгенің көмегін көрсетті. Қол қойылғалы отырған меморандум біздің ұзамерзімдік ынтымақтастығымыздың нәтижелі жалғасы болып табылады», - дейді «SOS Қазақстанның Балалар ауылы» қорының директоры Батырхан Женалаев.

Құжатқа қол қою рәсімінен кейін «Астана SOS Балалар ауылында» жас тәрбиеленушілердің күшімен дайындалған шағын концерт өтеді және «Достық аллеясына» ағаштар отырғызылады. Одан кейін балалардың тілек-армандары жазылған әуе шарлары аспанға ұшырылатын болады.

SOS Балалар ауылдары - 60 жылдан бері әлемнің 132 елінде балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатқан мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым. Қазақстандағы Балалар ауылдары 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға пана беріп қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік жетімдіктің өсуіне жол бермеу үшін отбасыларды сақтап қалуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар