«Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС 2011 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша жеңімпаздарды анықтады
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бірыңғай дистрибьютор «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС 2011 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша фармацевтикалық компаниялар арасында жеңімпаздарды анықтау жөніндегі қорытындыларды жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды компанияның баспасз қызметі.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі ауқымында дәрілік заттардың 646 атауын сатып алуға 40,3 млрд. теңге бөлінді. 24 млрд.теңге сомаға 370 лот екі кезеңдік рәсім жолымен сатып алынды, мұнда бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына сәйкестігі тексеріледі, ал екінші кезеңде аукцион қағидаты бойынша төмендетуге арналған ең төменгі баға анықталады. Қалған 276 лот бойынша сатып алу бір көзден жүргізілетін болады. Бюджеттік қаражатты үнемдеудің 2010 жылғы салыстырмалы бағасы 2 млрд.-тан астам теңгені құрады (2009 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге артық).
6,5 млрд.теңге сомаға 142 лот бойынша отандық өндірушілер жеңімпаз болып танылды.
«СҚ-Фармация» ЖШС Маркетинг және даму департаментінің директоры Арнұр Нұртаев атап көрсеткендей, айырмашылығы өткен жылы тендердің желтоқсанда өткізілгені, биылғы жылы сатып алу рәсімі 2 ай ерте өткізілді, бұл ағымдағы жылдың желтоқсанында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге мүмкіндік береді.