«Самұрық-Қазына» кадрларды оңтайландыру нәтижесінде 6,5 млрд. теңге үнемдейді - Ө.Шөкеев

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадрларын оңтайландырудың нәтижесінде 6,5 млрд. теңге үнемдейді.

«Самұрық-Қазына» кадрларды оңтайландыру нәтижесінде 6,5 млрд. теңге үнемдейді - Ө.Шөкеев

Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Әкімшілік шығындардың жиынтық қысқару сомасы 2012 жылы 6,5 млрд. теңгені, оның ішінде 5,5 млрд. теңге  жалақыға арналған қаржыны құрайды. Бұл осы кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жұмыстардың одан әрі жалғасатындығы түсінікті», - деді ол.