«Самұрық-Қазына» қазан-қараша айларында үш әуежайды «AMG» ЖШС-ға тапсырады
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі үш әуежайдың (Атырау, Ақтөбе, Павлодар) акцияларын екі ай ішінде алу жоспарда бар. Ал, Өскемен, Семей қалаларындағы әуежайлар 2018 жылға дейін бізге өтеді», -делінген компанияның ресми жауабында.
«Airport Management Group» ЖШС 2013 жылы құрылған және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымындағы мемлекеттік әуежайлардың желісін басқаратын компания. Компанияның мақсаты - әлемнің үздік тәжірибелерін енгізу, әуежай басқару саласындағы стандарттар мен технологияларды жетілдіру, сондай-ақ трафик пен сервисті, қаржылық жағдайды жақсарту, авиациялық қауіпсіздік пен ұшақтардың қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту, бақылау бағдарламаларын халықаралық ИКАО стандарттарына теңестеру. 2014 жылы Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайы осы компанияның басқаруына берілген. Сонымен қатар, компания стратегиялық әріптес ретінде Швейцарияның «Zurich Airport International AG» компаниясымен жеті жылға келісімшарт жасаған.