«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы болашақ ұрпақ үшін құнын қалыптастыруы тиіс - Е.Бахмутова
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы болашақ ұрпақ үшін құнын қалыптастыруы тиіс. Бұл пікірді қордың қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі Елена Бахмутова білдірді.
«Бүгінгі сессияның тақырыбы негізінен тұрақты даму мәселелеріне арналған. Қазіргі күні бұл сәнді трентке айналған. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тұрақты дамуға ие болуға тиіспіз. Өйткені, компания бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмей, болашақ ұрпақ үшін өз құнын қалыптастыруы тиіс», - деді ол «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қордың портфельдік компаниялары Директорлар кеңестерінің мүшелерімен 8-ші кездесуі аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Е.Бахмутованың атап өтуінше, бүгінде бұл тренд тек қана ұлтық әл-ауқат қорлары мен зайырлы қорларда ғана емес, сонымен бірге коммерциялық компаниялар арасында да зор танымалдыққа ие болған.
«Оған арнайы индекстің құрылуының өзі де дәлел бола алады. Тұрақты дамудың негізгі драйвері Директорлар кеңесі саналады. Сондықтан да бүгінгі сессия Директорлар кеңестері мүшелері үшін жасалып отыр», - деді басқарушы директор.