«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының құнын арттыратын жобамен айналысуда
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ қазынашылық операцияларды басқарудың нысаналы үлгісін енгізуде.
Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайтында хабарланды.
Мемлекеттік холдингтің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған жоба «ағымдағы шоттардағы қаражат санын азайту және оларды салымдарда (депозит) ұлғайту, валюта сатып алу-сату операцияларын орталықтандыру, компанияның барлық топтарында банктік тарифтерді төмендету мен біріздендіру жұмыстарын жүргізу есебінен» 15 миллиард теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берген. Мұндай мәліметтер «Самұрық-Қазына» басқармасының 14 тамызда өткен кеңейтілген отырысында айтылды.
«Басқарма отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қорда және оның бірқатар еншілес компанияларында, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазПошта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ қазынашылық операцияларды басқарудың нысаналы үлгісін қанатқақты негізде енгізу бойынша қаржылық бөлігінің есебі тыңдалды. Бұл жоба ақшалай қаражаттарды тиімді пайдалануға, қарыз ауыртпалығын азайтуға, қор компанияларының табыстылығы мен құнын арттыруға бағытталған»,-делінген баспасөз баянында.
Жаңа қазынашылық үлгіні холдингтің барлық еншілес компанияларында 2013 жылдың аяғы мен 2014 жылдың басында енгізу қарастырылған.