«Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті жабдықтаушыларына біліктілік іріктеу жүргізуге кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өзгерту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қор компаниялары тобына арналған әлеуетті жабдықтаушыларына бастапқы біліктілік іріктеу (ББІ) жүргізуге кірісті.

«Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті жабдықтаушыларына  біліктілік іріктеу жүргізуге кірісті

 Енді алдағы уақытта Самұрық-Қазына ұйымдарының көтерме сатып алуына ББІ өткен білікті әлеуетті жабдықтаушылар жіберілетін болады.Бұл туралы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Осы құралды ендіру мақсаты көтерме сатып алу жүргізуге дейінгі кәсіпкерлердің шынайы бағалауы болып табылады. Сонымен қатар ББІ Қор компаниялары үшін сапалы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жолға қоюға қабілетті шынайы өндірушілер мен жабдықтаушыларды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ББІ көтерме сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын айтарлықтай көтеруге және де көтерме сатып алу жүргізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

ББІ рәсімі келесідей кезеңдерден тұрады: ақпараттық жүйеде тіркелу, өтініш-арызды толтыру, келісімшартқа қол қою, сауалнаманы толтыру, сауалнамаға талдау жасау және қорытынды ретінде білікті әлеуетті жабдықтаушылар тізіміне қосу. Үдерістің айқындық деңгейін көтеру үшін техникалық және верификациялық аудиттер, ББІ рәсімінің бөлігі ретінде, халықаралық аудиттер мен тапсырыс берушілердің қатысуымен, олардың қызығушылық тудыруы жағдайында, «Атамекен» КҰП өкілдерін тартумен тікелей жабдықтаушылардың өндірістік алаңында өткізіледі.

ББІ өткен және Білікті әлеуетті жабдықтаушылар тізіміне кірген компаниялар үшін көтерме сатып алуға қатысу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілетін болады. Мәселен, оларға сұранымның міндетті 1%-ын салу қажет болмайды. Ал одан әрі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ББІ ықпалдастығынан кейін тендерге қатысуға арналған қажетті құжаттардың тізімін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Кәсіпкерлер барлық қажетті құжаттарын бір рет ұсынып, бірнеше жыл бойы көтерме сатып алуға әр қатысу алдында өзінің біліктілігін растаудың қажет болмайтынын айта кету қажет.

- Бүгіннің өзінде біз барлық қазақстандық кәсіпкерлерді ұлттық компаниялардың көтерме сатып алуға қатысуы үшін біліктілікалды іріктеуінен өтуге белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Барлық ақпараттар біздің компанияның ақпараттық ресурстарында, сонымен қатар pko.skc.kz. сайтында орналасқан. Жан-жақты талдау жасау мақсатында ББІ үдерісінің әдіснамасын жасау халықаралық сараптамашыларды, «Атамекен» КҰП өкілдерін және Қазақстанның бизнес-қауымдастығын тартумен жүзеге асырылып жатқандығын айта кеткім келеді, - дейді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Серікбек Елшібеков.