"Самұрық-Қазына" қоры 2010 жылы 12 жылжымайтын мүлік нысанын пайдалануға беруді жоспарлап отыр
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры 2010 жылы жалпы аумағы 295 мың шаршы метр болатын 12 жылжымайтын мүлік нысанын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша пайдалануға берілетін нысандардың есебінен 1300 үлескердің мәселесі шешілетін болады. Стрестік активтер қорының қаржысы арқылы Алматыдағы «Сайран», «Үштөбе», Астанадағы «Гранд Алатау» нысандарының құрылыстары жалғастырылады. Бұл нысандардағы үлескерлердің саны 2 мыңнан астам. Жыл аяғына дейін «Тау Самалдың» 1-кезегі бітеді. Онда 600 үлескер бар.
Қ. Келімбетов ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында Астанада жалға берілетін тұрғын үй тетігі енгізілетінін де айтып өтті.