«Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік жанжалдардың алдын алу картасын жасады

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жанжалдарға мониторинг жасау картасын жасады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада РИА жаңалықтарында өткен бейне баспасөз мәслихаты барысында «Самұрық-Қазына» жанындағы Әлеуметтік әріптестік орталығының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

Н.Ерімбетовтың айтуынша, аталмыш картада жұмыскерлердің әлеуметтік көңіл-күйін анықтайтын 50 индикатор бар.

 «Біз қазір әлеуметтік-еңбек шиеленістерін анықтаудың ресми емес картасын жасадық. Яғни ол 50 индикатор бойынша жұмыскерлердің әлеуметтік көңіл-күйін анықтайтын әлеуметтік жанжалдарға мониторинг жасау картасы болып отыр. Сол индикаторлар бойынша біз жұмыскерлердің әрбір қадамын бағамдай аламыз. Ол үйден қашан шықты, жұмысқа нешеде барады, қайда демалатынын өлшейміз, кіммен сөйлеседі, уақытты қалай өткізеді, тамақтануы, сонымен қатар белгілі бір аймақтағы бағаларды зерделейміз», - дейді орталық басшысы.  

 Оның хабарлауынша, басты бағыт - қорға қарасты компанияларда еңбек ететін жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл жерде негізгі салмақ Әлеуметтік орталыққа түспек.


«Орталық Президент Әкімшілігімен, Үкімет басшысының кеңсесімен бірге жұмыс істеп, әлеуметтік жанжалдардың алдын алудың картасы арқылы ертең қайда дүмпу болатынын, қайда тыныш ұйықтау немесе қай жерде үлкен мәселемен айналысу керектігін болжай алады», - деп атап өтті Н.Ерімбетов. 

Соңғы жаңалықтар