«Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары Е. Бахмутова қаржылық активтерге жетекшілік етеді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары Елена Бахмутова қаржылық активтер мәселесімен айналысады.

«Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары Е. Бахмутова қаржылық активтерге жетекшілік етеді

Бұл туралы бүгін Астанада журналистер сауалына жауап беру кезінде аталған қордың басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Орынбасарлары тағайындалғанына тоқталған ол, «Қуандық Бишімбаев орынбасар ретінде бұрынғы орнында қалды, ал екінші орынбасар болып Елена Бахмутова бекітілді. Ол қаржылық активтерге байланысты салаға жетекшілік етеді»,-деді.

Ө. Шөкеевтің сөзіне қарағанда, Е. Бахмутова екінші деңгейлі банктер мен қорлар, даму институттары бойынша мәселелермен айналысады.