«Самұрық-Қазына» қоры «БТА» банкпен және «Альянс банкпен» келіссөздерді ақпанның соңына дейін аяқтайтын болады ? Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -«Самұрық-Қазына» қоры «БТА» банкпен және «Альянс банкпен» мемлекеттің олардың капиталына кіруі туралы келіссөздерді ақпан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Қор басшысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің жоспарға сәйкес, қалған екі банкпен келіссөздерді ақпан айының соңына дейін аяқтап, арнайы келісім-шартқа қол қою көзделіп отыр», деді өз сөзінде Қ. Келімбетов. Айта кетейік, 2008 жылғы қазанның 24-інде Қазақстан Үкіметі еліміздегі ең ірі төрт банкті қосымша капиталдандыру туралы бастама көтерген болатын. Бүгінге дейін «Самұрық-Қазына» қоры «Қазкоммерцбанкпен» және «Қазақстан халық банкімен» әрқайсысының 25 пайызға дейінгі қарапайым акцияларын сатып алу арқылы мемлекеттің олардың капиталына кіру туралы келісімдерге қол қойды.
Соңғы жаңалықтар