«Самұрық-Қазына» қоры ДСҰ талаптарына сәйкес қазақстандық қамту бойынша сатып алуларды шектеуі мүмкін

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ДСҰ талаптарына сәйкес қазақстандық қамту бойынша сатып алуларды шектеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаров мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда Қазақстан келіссөздер үдерісінің нәтижесіне сәйкес ДСҰ табалдырығында тұр. Соған орай, ДСҰ талаптары біздің мемлекеттік сатып алуларымыздағы белгілі бір стандарттарды талап етеді. Осыған байланысты біз Қордың сатып алуларына қатысты жаңа ережені ұсынбақшымыз», - дейді Жұмағали Мыңжасаров. Оның айтуынша, қолданыстағы Қордың сатып алу ережелерінің бірқатар бөліктері ДСҰ талаптарына қайшы келеді. Атап айтқанда, ДСҰ талаптарына сатып алулардың қолданыстағы ережелеріндегі отандық тауар өндіруші статусы мен СТ-КЗ сертификаты үшін 20 пайызға дейінгі шартты шегерімдер мен жеңілдіктер, жұмыстар/қызметтердегі жергілікті қамту үшін 10 пайызға дейінгі шартты шегерімдер мен жеңілдіктер, отандық тауар өндірушілер үшін қамсыздандырудың барлық түрлерінен босату мен міндетті түрде кем дегенде 30 пайыз алдын ала төлем жасау шарттары қайшы келеді.

Дегенмен, басқарушы директордың сөзіне қарағанда, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына өткен соң «Самұрық-Қазына» қоры қазақстандық қамту аясында жарғылық капиталында мемлекеттік холдингтің қатысуы бар кәсіпорындарға және мүгедектер ұйымдарына ғана қолдау көрсетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар