«Самұрық-Қазына» қоры химия, энергетика, газ саласында ірі жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрамына кіретін даму институттары мен компаниялардың инвестициялық басымдықтары алдағы екі жылда металлургия, химия және мұнай химиясы, мұнай-газ секторындағы сабақтас салаға, машина құрылысы, сондай-ақ энергетика, көлік, коммуникация кіретін инфрақұрылымға негізделмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, осы бағытта қор құрамына кіретін құрылымдар арқылы қаржыландыру жоспарланып отырған ірі инвестициялық жобалар айқындалды. Атап айтқанда, олардың ішінде Атырау облысындағы газ-химиялық кешеннің құрылысы бар. Бұл кешен жылына 800 мың тонна полиэтилен, 450 мың тонна полипропилен өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етпек. Жобаның құны 6,3 миллиард АҚШ долларын құрайды және жобаны аяқтау мерзімі 2013 жылға белгіленіп отыр. Екінші жоба «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын кешенді дамытуға негізделіп отыр. Жобаның мақсаты - тау шаңғысы демалыс орнын халықаралық деңгейге жеткізу. Оның құны 242,4 миллион доллар. Үшіншісі, Балқаштағы жылу электр стансысының құрылысы. Осы стансыны іске қосу арқылы еліміздің оңтүстік өңірінің электр энергиясына деген сұранысы қамтамасыз етілмек. Бұндағы электр қуаты өндірісінің көлемі 2640 МВт болмақ. Жоба құны 4,7 миллиард АҚШ долларын құрайды, сондай-ақ стансының бірінші модулінің құрылысы 2008-2013 жылдары, ал екіншісі 2011-2016 жылдары жүзеге асырылмақ. Келесі жоба Екібастұздағы «ГРЭС-2» стансысын кеңейту жұмыстарына бағытталды. Жобаны аяқтау мерзімі 2013 жылға бекітіліп отыр және осы ауқымды шараға 651,8 миллион АҚШ доллары игерілмек. Сондай-ақ ірі жобалардың қатарындағы Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры құрылысының бірінші кезегі 2009-2011 жылдары, ал екінші кезегі 2013-2014 жылдары іске асырылмақ. Жобаның мақсаты - оңтүстік өңірлерді газбен қамтамасыз етуге және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.
Соңғы жаңалықтар