«Самұрық-Қазына» қоры «Қазкоммерцбанкпен» және «Қазақстан халық банкімен» олардың капиталына кіру туралы келісімдерге қол қойды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» қоры «Қазкоммерцбанкпен» және «Қазақстан халық банкімен» әрқайсысының 25 пайызға дейінгі қарапайым акцияларын сатып алу арқылы олардың капиталына кіру туралы келісімдерге қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» қоры аталмыш банктердің әрқайсысымен бұрын қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдарды жүзеге асыру туралы келісімге, опциондық келісімге және акционерлер арасындағы келісімге қол қойды. Қол қою рәсімінен кейінгі брифингте «Самұрық-Қазына қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәміле «Қазкоммерцбанктің» және «Халық банкінің жылдық аудиті жүргізілгеннен және олардың акционерлік жиналыстары өткізілгеннен кейін аяқталатынын айтты. «Осы шаралар Үкіметтің дағдарысқа қарсы тұрақтандыру бағдарламасы аясында жүріп жатқандықтан, бірінші жағынан біз бұл банктерді мейлінше жылдамырақ капиталдандыруымыз, екінші жағынан экономиканы қаржыландыруды бастауымыз керек. Қазақстан Үкіметі келесі аптада Қазкоммерцбанк бойынша 300 миллион долларға дейін, Халық банкі бойынша 500 миллион долларға дейін қысқа мерзімді депозиттерді орналастыру туралы шешім қабылдады. Бұл ақшалар аталмыш банктердің акцияларын сатып алуға арналған. Мәміле аяқталғаннан кейін бұл депозиттер банктердің қарапайым акцияларына конвертацияланатын болады», деді Қ. Келімбетов. Айта кетейік, 2008 жылғы қазанның 24-де Қазақстан Үкіметі еліміздегі ең ірі төрт банкті қосымша капиталдандыру туралы бастама көтерген болатын. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 млрд. доллар бөлініп отыр. Осыған байланысты былтырғы жылғы қарашаның 28-де «Самұрық-Қазына» қоры БТА банк, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, және Альянс банкпен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойған еді.
Соңғы жаңалықтар