«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобының шығындары 222,5 млрд. теңгеге қысқартылды ? Қ. Келімбетов

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – «Самұрық -Қазына» қоры компаниялары тобының шығындары 2009 жылдың бекітілген бюджеттерімен салыстырғанда 222,5 млрд. теңгеге қысқартылды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында осы Қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, бұның ішінде ағымдағы шығындар 136,7 млрд. теңгеге, капиталды шығындар 85,8 млрд. теңгеге, ал әкімшілік шығындар шамамен 11 млрд. теңгеге қысқарған. Ал Қордың компаниялар тобының орталық аппаратының еңбекті төлеу орталығы қалған 7 айда 27 пайызға немесе 4,9 млрд. теңгеге қысқартылған. Бүгінде «Самұрық- Қазына» қоры компаниялары басқармаларының орталық аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымдары оңтайландырылды. Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің санын қысқарту жүргізілді, Қордың компаниялар тобының басқарушы құрамының бонустары, сыйақылары және басқа да ынталандыратын төлемдері жойылды. Осы жұмыстың нәтижесінде «Самұрық- Қазына» қоры компаниялар тобының орталық аппаратының саны, инженерлік-техникалық қызметкерлерін қоспағанда, 15 пайызға немесе 611 адамға қысқарды. Қордың жеке корпоративтік орталығы 80 адамға немесе 38 пайызға, оның ішінде басқарушы қызметкерлер 63 пайызға қысқарды», деді Қ. Келімбетов.Оның айтуынша, бұл ретте Қордың компаниялар тобы қызметінің стратегиялық бағыттары мен міндеттері сақталып отыр. Қ. Келімбетов қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қоры өзінің құрамындағы компаниялардағы шығындарды оңтайландырудың екінші кезеңін бастап кеткенін, бұл ұйымдастырушылық құрылымды одан әрі оңтайландыруға бағытталатынын атап көрсетті.Айта кетейік, «Самұрық- Қазына» қоры компаниялар тобының басқару құрылымын оңтайландыру және шығындарын қысқарту жөніндегі тапсырманы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов берген болатын.
Соңғы жаңалықтар