«Самұрық-Қазына» қоры мен Алматы қаласының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен қала әкімі Ахметжан Есімов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None
Ол 2008 жылғы қарашаның 25-інде Үкімет қаулысымен бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қайрат Келімбетовтің айтуынша, тараптар қолдағы бар қаржылық, ақпараттық, құқықтық, ұйымдастырушылық мүмкіндікті пайдалана отырып, негізгі 4 бағыттағы шараларды жүзеге асыруға келісіп отыр. Онда қаржы, құрылыс салалары мен шағын және орта бизнесті қолдау, инновациялық, индустриялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Ақанов, «Атамекен» одағының басқарма төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов және тағы басқа түрлі қауымдастықтардың жетекшілері мен ірі 20 құрылыс компаниясының басшылары қатысты.
Соңғы жаңалықтар