«Самұрық-Қазына» қоры отандық жетекші оқу орындары мен кәсіби-техникалық мектептеріне білім беру тапсырысын жүзеге асыруды жоспарлайды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ отандық жетекші оқу орындары мен кәсіби-техникалық мектептеріне білім беру тапсырысын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«Самұрық-Қазына» қоры отандық жетекші оқу орындары мен  кәсіби-техникалық мектептеріне  білім беру тапсырысын  жүзеге асыруды жоспарлайды

Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Бүгінгі күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ында корпоративті кадрлық саясаттың жаңа үлгісі жасалды. Қор Басқармасында Кадр саясаты жөніндегі комитет құрылып, аталған Комитет Қор тобындағы компанияларда кадр саясатының жаңа қағидаттарын жүзеге асырумен, оларды қадағалаумен айналысады. Бұдан бөлек, сараптау, басқару, компаниялар мен олардың қызметкерлерінің бағдары секілді жүйелер енгізіледі. Бұл шара Қорға қарасты компаниялардың бизнес-жоспарларын стратегиялық мақсаттарымен ұштастыратын болады», делінген баспасөз баянында.

Сонымен бірге, алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» Қоры отандық университеттермен және білім орталықтарымен ынтымақтастығын жалғастыра түсетін болады. Бүгінгі күні Қор тобында индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасымен, Қордың инвестициялық жобаларымен және кәсіпорындарымен сәйкестендірілген инженерлік-техникалық кадрларды дамытудың он жылдық бағдарламасы әзірлену үстінде.

«Қор техникалық кадрларға қатысты сұранысты зерттей келе отандық жетекші оқу орындары мен кәсіби-техникалық мектептеріне білім беру тапсырысын жүзеге асыруды жоспарлап отыр», делінген баспасөз баянында.