«Самұрық-Қазына» қоры тәжірибелі құрылыс салушыларды тарту арқылы жылжымайтын мүлік нарығын дамытуды мақсат етеді

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, іс-сапары аясында ол бүгін «Жанұя-2» тұрғын кешені үшін ірі панельді элементтерінің сериялық өндірісін шығарған «ККК Бетон» зауытына барды, «Жанұя-1» және «Жанұя-2» екі тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты.
«Мемлекеттік бағдарламалардың операторы бола отырып, біз «ККК-Инжиниринг» ЖШС сияқты құрылыс салушыларын тарту жолымен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуды мақсат етіп қоямыз. Бұл компания, Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыландыру есебінен құрылыс тәжірибесін алған 2015 жылғы желтоқсан айында біз 8083,98 шаршы метр баспана құрылысын қаржыландырдық. Бүгінгі күні көлемі 4 843,31 шаршы метр «Жанұя-1» кешенінің екінші үйінің құрылысы табысты аяқталуда. Мен 173 қарағандылық отбасылары өздерінің үй-жай жағдайларын жақсартатынына қуаныштымын және бұл қысқа мерзімді жоспар», - деді Б.Мамыталиев.
Оның атап өтуінше, қордың мемлекеттік-меншіктік әріптестігінің келесі кезеңі «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Жанұя-2» коммерциялық нысанын қаржыландыру болады. Аталмыш бағдарлама аясында 2020 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша 5020,08 шаршы метр коммерциялық баспана құрылысы жоспарлануда. Бұдан басқа, мемлекеттік бағдарламарды іске асыру мультипликативті әсер береді. Қордың қаржыландыруының көмегімен, «ККК Инжиниринг» ЖШС қосымша 60 жаңа орындары ашылды, отандық құрылыс материалдарының өндірісі кеңейтілді.
Өз кезегінде «ККК» компания тобының директоры Александр Кику құрылыс саласында 1993 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқандығын және Қормен 2014 жылы ынтымақтастығын бастағандығын айтып өтті.
« Біз 23 жыл ішінде ондаған тұрғын кешендерін салдық және өзімізді сенімді, сапалы құрылыс салушысы және соңғы инновациялар және технологияларды пайдаланумен жоғары сапалы темір бетонының өндірушісі ретінде көрсеттік. Мысалға, біздің зауытта Қазақстандағы жалғыз арматураны балқытып пісіру бойынша автоматтық машинасы іске қосылған. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен әріптестіктің келесі қадамы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы «Жанұя-2» тұрғын кешенінің құрылысы болады. Бүгінгі күні біздің «КККБетон» зауытымызда бірінші рет құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін «Жанұя-2» тұрғын кешені үшін ірі панельдің сериялық өндірісі басталды. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мемлекеттік-меншіктік әріптестік - бұл біздің компанияның дамуының маңызды орны. Мен, Қазақстан Үкіметіне және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына біздің компанияға көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығымды білдіремін», - деді ол.