13:22, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» қоры техникалық және медициналық жоғарғы оқу орындарында оқитын үлгірімі жақсы студенттерге арнайы несиелік желі ашпақ
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат. ?Нұр Отан? ХДП Саяси кеңесі Бюросының 2009 жылы ақпанның 12-дегі кеңейтілген отырысында Елбасының арнайы тапсырысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» қоры медициналық және техникалық мамандықтар бойынша ақылы түрде оқып жатқан үлгерімі жақсы студенттерге қолдау көрсететін болды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қордың баспасөз қызметінен.
Бұл мақсат бойынша ?Самұрық-Қазына» қоры 15 млрд.теңге көлеміндегі арнайы несиелік желі ашады. Ол несие желісі Қор арнайы келісім түзетін банк-агентте болады. Қазір Қор мен Министрлік арасында Қазақстанның оқу орындарында оқитын студенттерді жеңілдікпен несиелеу арқылы қолдау үшін ынтымақтастық меморандумының жобасы дайындалып қойды. Ол құжатқа байланысты, Білім және ғылым министрлігі студенттердің ол талапқа сай болуын анықтау арқылы банк-агент пен оқу орнын байланыстырады.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Үкіметтің жиылысында айтқанындай, «жеңілдетілген несиеге үміт артудағы негізгі талап: студенттің оқу үлгірімі жақсы болуы керек, бұған қоса, әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Яғни, жетім, мүгедек балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер, немесе ата-анасы зейнеткер мен мүгедек болып табылатын студенттер жеңілдетілген несиеге үміт арта алады». «Самұрық-Қазына» қоры елдің инженерлік және медициналық активін толықтыру үшін ақылы оқу орындарында оқып жатқан үлгерімі жақсы студенттерді қолдау мақсатында оларды несиелеу үшін банк-агентті қаржымен қамтамасыз етуге шешім қабылдады.