«Самұрық-Қазына» қоры Жалдамалы мүлік бағдарламасы аясында өткізілетін үй-жайларға жалдау ақысының жоғарғы сомасын есептейтін қосымша бөлімше ашпақ
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының Жалдамалы мүлік бағдарламасы аясында өткізілетін үй-жайларға жалдау ақысының жоғарғы сомасын есептеуге тапсырылатын құжаттарды қабылдаудың қосымша бөлімшесі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Жалдамалы мүлік бағдарламасы аясында және жалдау арқылы пәтерлерді сатып алуды қалайтын азаматтар санының өсуімен байланысты ұйымдастырылып отыр. Жылжымайтын мүлік қоры енді Тұрғын-үй комиссиясының кеңесі бойынша жалдау ақысының ең жоғарғы сомасын сомасын есептеуге тапсырылатын құжаттарды «Жылжымайтын мүлік қоры менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарушы компаниясының ақпараттық орталығында да қабылдайды.