«Самұрық-Қазына» қоры жалға берілетін тұрғын үй нарығын құру үшін сұранысқа ие болмаған бітпеген нысандарды сатып алады

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры жалға берілетін тұрғын үй нарығын құру үшін құрылыс салушы компаниялардан сұранысқа ие болмаған аяқталмаған нысандарды сатып алатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында несилеу үшін төлемпаздық кепілдігі болмағандықтан, мемлекеттік қолдауға ие болмаған құрылысы бітпеген тұрғын үй нысандары қалып отыр. Сатып алушылар тарапынан төлемге қабілетті сұраныстың жоқтығынан құрылыс компаниялары қаржылық қиыншылықтарға тап болды. Осыған байланыста құрылысы бітпеген нысандарды жаңа институт - Жалға берілетін тұрғын үй қоры арқылы сатып алу ұсынылып отыр», деді отырыста Қ. Келімбетов. «Жалға берілетін тұрғын үй қоры -«Самұрық-Қазына» құрып отырған еншілес ұйымы. Оның негізгі міндеті ? халық тарапынан сұранысқа ие болмаған тұрғын үйлерді құрылыс салушылардан сатып алу», деді Қ. Келімбетов.Оның айтуынша, Жалға берілетін тұрғын үй қорының негізгі қызметі мынадай: банктер немесе «Даму» қоры тұрғын үй нысандарын аяқтауға несие береді, өз кезегінде Қор халық тарапынан сұранысқа ие болмаған, бітпеген тұрғын үйлерді құрылыс команияларынан сатып алады, бұл ретте ең алдымен банктер мен «Даму» қоры қаржыландырған нысандарға басымдық беріледі. Қор сатып алған пәтерлерді халыққа 20 жылдың ішінде бөліп өтеп, сатып алу құқығымен жалға береді немесе бұған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тұрғын үй жинақ заемдарын тарту көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар