«Самұрық-Қазына» қорына еншілес компаниялар бюджетіндегі қаржының жұмсалуы 170 миллиард теңгеге қысқартылды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық-Қазына» қорына еншілес компаниялар бюджетіндегі қаржының жұмсалуы 170 миллиард теңгеге қысқартылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның алқа мәжілісінде аталған қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ағымдағы қаржы шығындары мемлекеттік холдингте 6 миллиард теңгеге қысқартылды. Сонымен қатар ірі компаниялар 4 миллиард теңгеден астам жұмсалатын шығындарды азайтқан. Бұл қаржы үнемдеу шаралары жақын арада жүзеге асыруды қажет етпейтін жобалардың мерзімін кейінге шегеруге байланысты жасалған. Нәтижесінде өткен жылдың төртінші тоқсанында қаржы үнемдеу 10,6 миллиард теңгені құрады. «Еншілес компаниялардың 2009 жылға арналған бюджетін қарау кезінде «Самұрық-Қазына» қоры 2008 жылдың жоспарымен салыстырғанда қаржының жұмсалуын айтарлықтай қысқартты», - деді ол. Қ. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, осы арқылы шартты үнемдеу 170 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрады. Оның ішінде ірі компаниялар бойынша қаржының жұмсалуын азайту 100 миллиард теңгеге жетті.
Соңғы жаңалықтар