«Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың мемлекеттік сатып алу көлемі Алматыдан 11 айда 738 млрд. теңгені құрады - Ө. Шөкеев

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на қарасты компаниялардың тауар мен қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алу бойынша арнайы басқосу өткізетін еліміздегі жалғыз аймақ болып отыр. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматыда өтіп жатқан «Мемлекеттік сатып алу - 2014» жиынында айтты.

«Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың мемлекеттік сатып алу көлемі Алматыдан 11 айда 738 млрд. теңгені құрады - Ө. Шөкеев

«Биыл біз бесінші жыл қатарынан Ахметжан Смағұлұлының жетекшілігімен бұл шараны өткізіп отырмыз. Алматы мұндай шара өтетін еліміздегі жалғыз аймақ. Бұл біз үшін өте тиімді және пайдалы болып отыр. Мұнда біз сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді талқылаймыз. Мәселен 2011 жылы қорға қарасты компаниялардың сатып алу көлемі Алматы бойынша 535 млрд. теңге болса, 2012 жылы бұл сан 73 пайызға өсіп, 730 млрд. теңгені құрады. Ал биылғы жылдың 11 айында бұл 738 млрд. теңгені құрап отыр», - деді Ө.Шөкеев. Оның айтуынша, былтыр қысқа мерзімде электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі іске қосылған болатын. Соның нәтижесінде сатып алу шығынын жоспарланған көлемнен 15 пайызға үнемдеуге қол жеткізілді. Енді сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізілгелі отыр. Әлемдік тәжірибесі бойынша жеткізушілерді кәсіби таңдау жүйесі енгізіліп, халықаралық компаниялардың стандарттары бойынша жүзеге асырылатын болады.