«Самұрық-Қазына» қорына қарасты мекемелерде кадрлық өзгерістер болды
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2010 жылдың сәуір айының 5-індегі шешіміне сәйкес, директор Ернар Нұрғалиев басқарма құрамынан шығарылып, 19-шы сәуірден бастап оның орнына Марат Кәрібжанов енгізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, басқарушы директоры ретінде Марат Кәрібжанов енді қордың корпоративтік басқару, стратегиялық жоспарлау жұмыстарының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол жылжымайтын мүлік қорының қаржылық саясатын қалыптастыру және іске асыру үшін жауап береді.
Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры"акционерлік қоғамы құрамының Басқарма төрағасы лаузымын Госман Әмрин ал оның орынбасары қызметін Жанаргүл Қосжанова атқаруда. Ал Мұрат Иманқұлов пен Марат Кәрібжанов Басқарушы директор лауазымын атқарады.