«Самұрық-Қазына» қорындағы қазақстандық қамту 63 пайызды құрады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қазақстандық қамтуы 2012 жылдың қорытындысы бойынша 63 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаров мәлім етті.
None
None

Басқарушы директордың айтуынша, 2011 жылы қазақстандық қамту деңгейі 59 пайызды құраған болатын. Яғни, бұл бағытта оң қарқын бар. «2011 жылы «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компаниялар тобының сатып алулары 3,3 трлн. теңгені құраған еді. 2012 жылы бұл көрсеткіш 3,5 трлн. теңгеге жетті. Осылайша, Қордың сатып алуларындағы қазақстандық қамту 4 пайызға артып отыр», - дейді Жұмағали Мыңжасаров. Оның айтуынша, бұндай көрсеткіш отандық тауарларды басымдықпен сатып алудың нәтижесінде құралып отыр.

Соңғы жаңалықтар