«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы жыл басынан 19,7 млрд. теңге табыс тапты

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компаниялар тобының қаңтар-ақпандағы таза кірісі 286 млн. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.

«Самұрық-Қазына» қорына кіретін компаниялар тобының қаңтар-ақпандағы таза кірісі 286 млн. теңгені құрады. Дегенмен, бұған дейін таза шығын көлемі 3,2 млрд. теңге көлемінде жоспарланған еді. Бұл нәтижеге негізінен жоспарланған жалпы және әкімшілік шығыстарды қысқарту есебінен қол жеткіздік», - деді ол.

Қор басшысының сөзіне қарағанда, толықтай алғанда есепті кезеңде жоспарға сай 19,7 млрд. теңге сомасында кіріс алынған.

«Аталған кірістер негізінен қаржы ресурстарын мемлекеттік бағдарламалар бойынша әртүрлі құралдарға орнастыру, берілген займдардың пайыздары, сонымен қатар біздің компаниялардың өндірістік нәтижелері есебінен алынды», - деді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар