«Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі талқыланды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір елімізде сегіз даму институты бар. Соның бесеуі, атап айтқанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстан даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Kazyna Capital Managment және Мемлекеттік экспортты сақтандыру корпорациясы. Тағы үш даму институты - Ұлттық инновациялық қор, Инжиниринг және технологиялар трансферттері орталығы және KAZNEX экспортты ұсынатын корпорациясы 2009 жылдың шілде айынан бері қазір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінгің құрамында.
«2009 жылғы қаңтардың 1-індегі ақпарат бойынша, «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы даму институттары, оның ішінде ҚДБ, ҚДБ-лизинг, Қазақстанның инвестициялық қоры 146 жобаны қаржыландырды, оның 96-сы пайдалануға берілген. ҚДБ несиелік портфелі - 292,4 млрд. теңге, «Даму» қорынікі - 246 млрд. теңге. Қазақстан Инвестициялық Қорының инвестициялық портфелі- 30,5 млрд. теңге, КСМ мойнына алған міндетінің ауқымы - 26,2 млрд. теңге. Экспортты сақтандырудың Мемлекеттік корпорациясының сақтандыру портфелі - 7,5 млрд. теңгені құрады», делінген Қордың баспасөз қызметінің мәліметінде. Даму институттары жұмысын жетілдіру үшін Қордың жасаған шаруалары арқасында экономиканы несиелеудегі тиімділік едәуір артты. 2009 жылы даму институтының бір қызметкеріне (Ақпарат: Экономиканы несиелеу негізгі жұмысы болып есептелінетін қаржы институттарының функциясына сай-олардың жұмысындағы тиімділік қаржылық ұйымның әр қызметкеріне шаққанда берілетін несиеге сай көрінеді)шаққанда мынадай есепті көруге болады:
- ҚДБ-ның несиелік қоржынында 1,5 млрд. теңге ( 2006 жылы - 250 млн.теңге),
- «Дамудың» несиелік қоржынында - 1 млрд. теңге ( 2006жылы - 10 млн.теңгеден аспайтын),- Қазақстан Инвестициялық Қоры инвестициялық қоржынында - 600 млн. теңге (2006 жылы - 100 млн.теңгеден келген),
- Экспортты сақтандырудың Мемлекеттік корпорациясы сақтандыру қоржынында - 300 млн. теңге (2006 жылы - 50 млн.теңге). Оның үстіне, даму институттарының әкімшілік шығындары азайып жатыр: мәселен, ҚДБ 2008 жылы 3 млрд.теңгелік шығынын 2009 жылы 2,5 млрд.теңгеге дейін азайтты. Standard&Poor's агенттігінің 2009 жылы қазанда жүргізген «Қазақстандық компаниялардың ақпараттық тұрғыдан ашықтығын зерттеген зерттеуде «Қазақстан Даму Банкі» Қор тобындағы IPO-ға шықпаған компаниялардың (ҚДБ, ҚТЖ, ҚМГ, «Даму» Қоры, Қазатомөнеркәсіп, KEGOC, «Самұрық-Энерго») арасындағы ең мықтысы болып танылды.