«Самұрық-Қазына» қорының сыртқы қарыздарын өтеу бойынша алаңдаудың қажеті жоқ - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының сыртқы қарыздарын өтеу бойынша ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Қордың Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті,

«Самұрық-Қазына» қорының сыртқы қарыздарын өтеу бойынша алаңдаудың қажеті жоқ - Қ. Келімбетов
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қ. Келімбетовтың айтуынша, бүгінгі күні ұзақ мерзімге берілген сыртқы қарыздардың ауқымы 16 млрд. доллар шамасында болып отыр. Осы қаражаттың 90 пайызы қазақстандық ірі үш компанияның еншісінде. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясында қарыздың 70 пайызы, «Қазақстан темір жолы» АҚ-да - 7 пайызы, Қазақстан даму Банкінде 10 пайызы орналасқан. «Бұл қаражаттар негізінен нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін дер кезінде тартылды. Ал оны қайтару мерзімі 2012-2013 жылдары басталады. Біздің ішкі қызметтің жүргізген зерттеулеріне сәйкес алдағы уақытта түсетін түсімдерді ескерсек, сыртқы қарызды бекітілген кесте бойынша өтейтін боламыз, бұған қаражатымыз да жеткілікті. Сондықтан да Қордың сыртқы қарыздары бойынша еш алаңдаудың қажеті жоқ әрі алдағы уақытта сондай қарыздарды қайтаруда проблемалар болмайды деп ойлаймыз», - деді Қор басшысы.