«Самұрық Қазына» ҚТЖ топ-менеджментінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы деректі жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚТЖ топ-менеджментінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы деректі жоққа шығарды.

«Самұрық Қазына»  ҚТЖ топ-менеджментінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы деректі жоққа шығарды

«Танымал ақпарат агенттігінің сайты мен әлеуметтік желілерде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ топ-менеджменті үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тарады. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Компанияның беделіне нұқсан келтіретін мұндай анонимді ақпаратты орналастырмас бұрын мұқият безбендеп, саралап алуды өтінеміз» делінген «Самұрық Қазына» компаниясының ресми сайтында жарияланған хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, сәл бұрын қазақстандық порталдардың бірінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу жүргізілгені және қылмыстық іс қозғалғаны туралы материал жарияланған еді.