«Самұрық-Қазына» өз тобындағы кейбір компаниялардың акция үлесін 50 пайызға дейін көтеруге мүдделі

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  «Самұрық-Қазына» өз тобындағы кейбір компаниялардың акциялық иелену үлесін 50 пайызға дейін көтеруге мүдделі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Ұлттық әл-ауқат қоры» туралы заң жобасын талқылау барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов заң жобасына ғылыми зерттеу институттарының берген қорытындыларына сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерін көтерген болатын. «Бүгінгі заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәсілдер де қамтылып отыр. Негізі бұндай тәсілдер акцияларының 50 пайызы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі компанияларға тән. Сондықтан да, біз сыбайлас жемқорлыққа қатысты Қор арқылы 35 пайыздық акцияларына ғана иеленген компанияларға бақылау жасай алмаймыз. Сол үшін осындай компаниялардың акциялық шекті деңгейін көтеруді қарастырып жатырмыз», - дейді Қ.Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар