«Самұрық-Қазына» паралимпиадашыларды қолдауға 70 миллион теңге бөлдi
«Бiзде паралимпиада қозғалысы төменгi деңгейде. Сондықтан көмек жасайық деп шештiк. Бiздiң елiмiзде 15 мыңға жуық мүгедек спортпен айналысады. Осы адамдарға пайда үшiн емес, қолдау мақсатымен үлкен бағдарлама жасақтадық. Және оны парыз ретiнде атқарудамыз. Қазiргi уақытта олардың дайындықтарына, спорттық жарақтарын сатып алуға қаржылай көмектi бастадық. Паралимпиада комитетiне 70 миллион теңгеден астам қаражат бөлiндi», - дедi "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев.
Қордың қолдауының арқасында 2012 жылы Ұлттық Паралимпиадалық комитет пауэрлифтинг, жеңiл атлетика, жүзу спорт түрлерi бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткiзген. Соның күшiмен спортшылар толық жабдықталып, лицензиялық маңызы бар жарыстарға қатысуына серпiн бердi.
2013 жылы 15 халықаралық жарыс өткiзiлмек. Алдымызда Сочи Олимпиадасы да бар.
Жиын барысында сонымен қатар Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың бас демеушiсi - "Самұрық-Қазына" қорының атынан Дархан Қалетаев 10 спортшыға қазiргi заманғы арба табыс еттi.