«Самұрық-Қазына» пайдасының 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына аударады – Президент Жолдауы
Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті.
«Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болады. Бұл – Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастама. Сондай-ақ, табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар қорға демеушілік көрсете береді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Жолдауда «Самұрық-Қазына» қорының мажоритарлы инвесторға айналатыны айтылды.
«Бұған дейін айтылғандай, мемлекет өзінің экономикаға араласуын біртіндеп азайта береді. «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың басты салаларына бақылау жасауға ғана жеткілікті ықпалы бар мажоритарлы инвесторға айналады.
Қордың басқа активтері мен акцияларын жекешелендіру керек. Оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілін де қолдануға болады», - деді Президент.
Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді.
Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.