«Самұрық-Қазына» таза пайданың үлесін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Самұрық-Қазына» АҚ табыс көлемі артқанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаржылық нәтижелерге тоқталатын болсақ, «Самұрық-Қазына» үшін өткен жыл айтарлықтай табысты болды. Акционер үлесiндегi шоғырланған таза пайда өткен жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд. теңгенi құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткiштен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есе артық»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Парламент Мәжілісіндегі «дөңгелек үстел» барысында.
Оның сөзіне қарағанда, мұндай нәтижеге қол жеткiзу табыстарды ұлғайту мен шығындарды жүйелi түрде азайту есебiнен мүмкiн болды.
Қордың стратегиялық көрсеткіші болып табылатын таза автивтердің құны 6,8 трлн. теңгеден асып, 2015 жылғыдан 7 пайызға өсті. Меншікті капиталдың тиімділігі былтырдың соңында 5,5 пайызға жетті.