«Самұрық-Қазына» ҰƏҚ 15 желтоқсанда жекешелендіруге жататын активтерін бағалауға кіріседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ 15 желтоқсанда жекешелендіруге жататын активтерін бағалауға кіріседі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Жекешелендіруге қатысты айтар болсам, біз Қаржы министрлігімен дайындық жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі уақытта заңнамаға және қордың ішкі процедураларына өзгертулер енгізілуде. Бұл бірінші кезекте активтерді бəсекелестік ортаға беруге қатысты. Активтер тізімі бекітілгеннен кейін 15 желтоқсанда бізде толық дайындық болады және тәуелсіз консультанттармен бірге оларды жүзеге асыру əдістері бойынша ұсыныстар əзірлеуге кірісеміз», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, стратегиялық тізімге енетін активтермен жұмыстар заңнама талаптарын ескере отырып жүргізілетін болады.

«Сондықтан да біздерге Үкіметпен мұндай стратегиялық активтерді қарау тәртібін жедел бекіту қажеттілігі туындауда. Өйткені қазіргі түрінде 153 стратегиялық активтің 103-інің «Самұрыққа» қатысы бар жəне оның біразы жекешелендіру тізіміне енеді»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар